Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Орал қаласының маңында тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндірген қараусыз нысан бұзылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Комитеттің мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге жүргізілген мониторинг кезінде Орал іргесіндегі Зачаган кентінен ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, қараусыз қалған нысан анықталған.
"Нысанның айналасына бірнеше рет тұрмыстық қалдықтар заңсыз төгілген. Мұнда ішімдік ішіп, бейберекет өмір салтын ұстанатын адамдар жиналған. Сондай-ақ жақын маңда қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркеліп, бұл тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды", - делінген ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты Комитет жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыным жолдаған.
Нәтижесінде нысанның айналасы тазартылып, қоршау орнатылды. Ал 14 шілдеде қараусыз қалған құрылыс толық бұзылды.
Жергілікті "Мой город" басылымының мәліметінше, сөз Жәңгір хан көшесіндегі №53 және №57 үйлердің ауласында орналасқан аяқталмаған құрылыс туралы болып отыр. Бұған дейін бұл нысан иесіз мүлік деп танылған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу