Қауіпсіз цифрлық болашақ: Конституция азаматтардың деректерін қорғаудың жаңа кепілдіктерін бекітті

01.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Іstockphoto.com

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді.

«Жасанды интеллект дәуірінде азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау – цифрлық мемлекетке деген сенімнің іргелі шарты. Бұл нормалардың Конституция деңгейінде бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалық жаңа деңгейге көтереді. Жаңартылған Конституция технологиялардың тек адам игілігі үшін қызмет етуіне және заңның цифрлық әлемде әрбір азамат үшін сенімді қорған болуына кепілдік береді», деді министр.

Жаңа Конституциялық қағидаттар Цифрлық кодексте, «Дербес деректер туралы» және «Жасанды интеллект туралы» заңдарда нақты көрініс табады.

Атап айтқанда, заңнамада жеке деректер ұғымы нақтыланып, оған әртүрлі идентификаторлар енгізіледі. Сонымен қатар азаматтарға eGov Mobile қосымшасы арқылы жеке деректерін өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта кері қайтарып алу мүмкіндігі беріледі.

Неке және отбасы саласындағы заңнама жетілдіріледі

Сондай-ақ ақпаратты автоматтандырылған өңдеуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Қолжетімділігі шектеулі 100 мыңнан астам дербес деректер жазбасын өңдейтін операторлар үшін міндетті биометриялық аутентификация енгізіледі.

Бұдан бөлек, азаматтардың жеке ақпаратты жоюды, анонимдеуді және өңдеуді шектеуді талап ету құқығы заңмен бекітіледі. Деректерді сақтау мерзіміне де қатаң талаптар қойылып, өңдеу мақсатына қол жеткізілгеннен кейін ақпаратты сақтауға шектеу енгізіледі.

Еске сала кетейік, елімізде Конституция талаптарына сәйкес 18 заңға түзетулер енгізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью