Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Сенаторлар ауыл-аймақ халқымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінен түсіндіріп жатыр.
Сурет: aqtobegazeti.kz
Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Темір, Мұғалжар аудандарында болып, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ өңірлік дамудың өзекті мәселелерін сөз еткен тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.
«Бүгінгі таңда әрбір азаматтың пікірін есту өте маңызды, өйткені қоғаммен ашық диалог тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді», деді сенатор.
Депутат Ернұр Әйткенов те Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әуелбек, Харьков ауылдарының халқымен кездесті.
«Жаңа Конституцияның жобасы Негізгі заңның нормаларын түзету ғана емес, бұдан мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңартылған үлгісі қалыптастасады. Біз адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік, елдің орнықты дамуы басымдық болып қалатын неғұрлым ашық, жауапты әрі азаматтардың мүдделеріне бағдарланған басқару жүйесін құруға ұмтылып отырмыз», деді Е.Әйткенов.
Сондай-ақ Айнұр Арғынбекова мен Қайрат Тастекеев Абай облысының Курчатов қаласында болып, Ұлттық ядролық орталық қызметкерлерімен, қаланың медициналық қоғамдастық өкілдерімен жүздесті. Олар әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әділеттілік қағидаттарын нығайту мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.
Сенат депутаттары Амангелді Есбай мен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы Алакөл ауданында «Көктума» мектебі, «Алакөл су» ШЖҚ МКК, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Үшарал филиалының ұжымдарымен кездесті. Онда конституциялық өзгерістердің негізгі ережелері, заңнама инновациялары мен қоғаммен кері байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Үшарал қаласында «Есіктен есікке» іс-шарасы ұйымдастырылып, тұрғындармен атаулы кездесулер өткізілді. Онда депутаттар азаматтарға жаңа Конституция жобасы мен жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Түркістан облысында Ата Заңның жаңа жобасын талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сенат депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек пен Әлішер Сатвалдиев Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті. Олар «Түлкібас инновациялық кешені» ЖШС өндірістік алаңының жұмысшыларымен диалог барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, еңбек адамының мәртебесін көтеру, оны әлеуметтік қорғау шараларына тоқталды. Атап айтқанда, еңбек ету құқығын, мамандықты еркін таңдау, қауіпсіз еңбек жағдайын, сондай-ақ жұмыс уақыты мен демалыс мәселелерін бекітетін конституциялық нормаларды сараптап берді.
Соңғы жаңалықтар
Тұлға • Бүгін, 08:20
Сұхбат • Бүгін, 08:15
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Басылым • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Қоғам • Бүгін, 00:28
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қаржы • Бүгін, 00:13
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05