Қауіпсіз сауда: Интернет дүкендердегі алаяқтардан қалай сақтануға болады?

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: istockphoto.com

Алаяқтардың басты құралы – танымал маркетплейстер немесе жеткізу қызметтерінің сайттарына айнытпай ұқсатып жасалған фишингтік сайттар. Мұндай сайттардың негізгі мақсаты – банк картаңыздың деректерін ұрлау.

Төлем деректерін енгізбес бұрын браузердегі сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз. Сайт атауында артық әріптер, сызықшалар немесе күмәнді домендік аймақтар болмауы тиіс.

Интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Сондай-ақ «жеңілдік ұсынамыз» деген желеумен маркетплейстің ресми қосымшасынан жеке мессенджерлерге шығарып, төлем жасауға сілтеме жіберетін сатушылардан сақ болған жөн.

Қауіпсіздікті арттыру үшін интернет арқылы сатып алуға арналған жеке виртуалды банк картасын ашып, оған тек сол сәтте жұмсамақ болған қаражат көлемін ғана аударған дұрыс.

Алаяқтардың жаңа тәсілі: Тегін фотосессия мен «шұғыл қоңырау» үшін телефон сұрау

Еске салайық, Атырауда интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан күдіктілер қамауға алынған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью