Қауіпсіздік кеңесінде ауыс түйіс болды

12.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына төрт меңгерушіні тағайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Еске салайық, 11 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекітіп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіліктерін айқындады.

Құжатта Қауіпсіздік кеңесінің аппараты өз алдына дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынатыны және есеп беретіні атап өтілген.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау ісін жетілдіру және күшейту, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтауды көздейді.

Айта кетейік, 31 тамызда Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

5 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесі аппаратының жаңа басшы мен орынбасарларын тағайындады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшысы Нұрдәулетовке алғыс айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью