Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бангкок - Шымкент рейсінде шетелдік жолаушылардың бірі ұшақ ішінде темекі тартқан. Тәртіпбұзушы әуежайда полицияға тапсырылып, оған қомақты айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Бангкок - Шымкент рейсінде шетелдік жолаушылардың бірі ұшақ ішінде темекі тартқан. Тәртіпбұзушы әуежайда полицияға тапсырылып, оған қомақты айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Оқиға туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бангкок – Шымкент" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін, Шымкент әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша жолаушы тапсырылды. Ол ұшу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған", - деп хабарлады ведомство.
Тексеру барысында оның 59 жастағы Болгария азаматы екені белгілі болды.
"Көлік полицейлері тексеру жүргізу барысында Болгария Республикасының 59 жастағы азаматын анықтады. Ол ұшу кезінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынғанына қарамастан, әуе кемесінің бортында темекі шеккен", - деп толықтырды полициядағылар.
Ұшақта темекі шеккені үшін шетелдікке 50 АЕК (216 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Көліктегі ПД мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері қазақстандық ұшақтарда 63 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Жолаушылар көбіне ішімдік ішкені үшін ұсталған - 42 дерек. Тағы 8 жағдай ұсақ бұзақылық, ал 7 жағдай - бортта темекі шегу.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу