Қазалыда ХХ ғасырда салынған су қыспақты мұнара әлі күнге жұмыс істеп тұр

14.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған нысан ХХ ғасырдың басында, Орынбор-Ташкент теміржол құрылысы кезеңінде салынған.

— Мұнара күйдірілген кірпіштен салынған, биіктігі — 29, ені — 8 метр. Екі қабатты ғимараттың төменгі қабатында кіреберіс ойық бар. Әсем әрі шығыңқы түрде өрнектелген қасбеті солтүстік-батысқа қараған. Дәл осы жерде, бүйір бет жағында бір терезеден қойылған. Терезе ойықтары жартылай дөңгелек қақпалармен жабылған, безендіріліп қапталған. Кіреберіс қақпалардың ойықтары сәуле кіретіндей қорған тасымен айшықталған. Төменгі қабаты екі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы бөлігіне кіреберісте шағын терезе ойығы орнатылған. Оның үстінен жоғарғы қабатты төменгісінен бөліп тұратын аралық ернеу өтеді, — делінген хабарламада.

Мұнара Әйтеке би кентінің халқын сумен қамтуға арналған, вокзал ғимаратының батыс бөлігінде тұр.

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Білетіндер оның айтарлықтай биік болуын ішіне үлкен көлемде су жиналуынан және теміржол бекетіне қажет болғасын қатты ағыспен түсетінінен деп түсіндіреді. Су толы екі резервуар да осы себепті орнатылған көрінеді. 

Ғасырдан астам тарихы бар нысан қызметі теміржол үшін әлі күнге маңызды. Аудан әкімдігі тарихи ескерткішті сақтау үшін оның есік-терезесі мен шатырын ауыстырып, қасбетін жаңғыртып, айналасын абаттандыруға қаржы бөліп, былтырдан бері мердігер жұмыс атқарып жатыр.

Бұған дейін біз 85 жылдан астам тарихы бар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің асыл көмбесімен танысып, жаңғыртылған жәдігерлер туралы ақпарат әзірлеген едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью