Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Smart аудитория ашылды

14.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орнының көрнекті түлегі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы ЖШС-нің бас директоры, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, кәсіпкер әрі меценат Иван Адамұлы Сауэрдің атындағы аудитория салтанатты түрде ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық мүшелері, аграрлық кәсіпорындардың басшылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Иван Адамұлының курстастары қатысып, студенттік жылдарды еске алды. Бұл бастаманың университет пен оның түлектері үшін маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында жаңа буынға арналған Smart-аудитория салтанатты түрде ашылды. Заманауи мультимедиялық технологиялар және цифрлық оқыту элементтерімен жабдықталған бұл білім беру кеңістігі студенттердің ұшқыр ойлау қабілетін қалыптастыруға, практикалық дағдыларын дамытуға және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Аудитория білім берудің цифрлық трансформациясы талаптарына толықтай сай келеді.

Салтанатты рәсім барысында Иван Сауэрдің университетті дамытуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Қоғамдағы белсенділігі және меценаттық қызметімен танымал ол көптеген жылдар бойы білім беру саласындағы бастамаларды қолдап келеді. Атаулы аудиторияның ашылуы – оның туған университетінің инфрақұрылымын дамытуға, студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы әрі технологиялық білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған игі істерінің жалғасы.

Университет Басқарма Төрағасы – Ректор, ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов өз сөзінде Иван Сауэр тұлғасының университет пен ел үшін айрықша маңызын атап өтті.

«Біздің университет үшін Иван Сауэрдің С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің көрнекті түлегі әрі құрметті профессоры екені ерекше құнды. Ол ғылым мен білімнің маңызын әрдайым алға қояды. Бұл аудитория – жай ғана оқу орны емес, студенттерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін шабыт мекені», деді ректор.

Салтанатты шараның жалғасы ретінде Иван Адамұлы Сауэр «Аграрлық бизнесті басқару тәжірибесі және ауыл шаруашылығының орнықты дамуы» тақырыбында ашық дәріс оқып, тәжірибесімен, басқарушылық көзқарасымен бөлісті.

Атаулы Smart-аудиторияның ашылуы университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және аграрлық сала үшін уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын 122 елдің оқырмандары пайдаланады

Мәдениет • Бүгін, 11:20

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу ақпанда басталады

Қазақстан • Бүгін, 11:13

Ақпан айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Қоғам • Бүгін, 11:00

Алматы тауларына күніне 30 мың турист тарту жоспарланды

Қоғам • Бүгін, 10:45

2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды

Құрылыс • Бүгін, 10:35

Алматы облысында әскери қызметші атыс кезінде жараланды

Оқиға • Бүгін, 10:20

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Елорда • Бүгін, 10:10

АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?

Саясат • Бүгін, 10:05

Зергерлер неге Қырғызстанға көшіп жатыр?

Қоғам • Бүгін, 09:55

Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады

Қоғам • Бүгін, 09:50

Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 09:45

Заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді

Заң • Бүгін, 09:35

Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты

Қоғам • Бүгін, 09:25

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью