Қазақ баласының өсуі мен табиғаттың үйлесімі туралы қытайлық фильм прокатқа шығады шетелдегі қазақ баспасөзі

12.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұхарада Қазақстан–Өзбекстан парламентаралық кеңесінің отырысы өтті — ӨзА 

Бұхара қаласында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: ӨзА

Хабарламада айтылуынша, жиында тараптар өткен жылы Алматы қаласында өткен кездесуден кейінгі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстар, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы әріптестікті дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысында тараптар мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін парламенттік бақылауды күшейтуге келісті.

Иран Ормұз бұғазында Қытай юанінің орнына риал алуға мүдделі — Eurasia Today

Иранның Сыртқы істер министрлігіне қарасты экономикалық мәселелер жөніндегі бұрынғы орынбасар Мехди Сафари Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алынатын алымдарды есептеу валютасын өзгерту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл бағытта Қытай юанін қолдану емес, Иран риалын енгізу тиімді болмақ, деп хабарлайды Eurasia Today ақпарат агентті. 

Фото: Eurasia Today

Аталған ақпарат агенттігінің дерегінше, Сафари қазіргі геоэкономикалық және қауіпсіздік жағдайларына тоқталып, стратегиялық теңіз өткелдерінде ұлттық валютаны қолдану тәжірибесін кеңейтуді ұсынды. Ол бұл тәсіл сыртқы валюталарға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін Ресейдің табиғи газды рубльмен сату тәжірибесін мысалға алған ол, Ормуз бұғазынан өтетін кемелер де алымды риалмен төлеуі тиіс екенін жеткізді. Оның айтуынша, кемелер алдын ала риал сатып алып, сол валютамен есеп айырыса алады.

Сарапшы мұндай қадам Иран риалының халықаралық деңгейдегі рөлін күшейтіп, елдің экономикалық егемендігін арттыруға ықпал ететінін айтады. Сонымен қатар, бұл бастама «петрориал» тұжырымдамасын жүзеге асыруға жол ашуы мүмкін екені де атап өтілді.

Сондай-ақ осы аптада Eurasia Today басылымында «Қазақстан он миллион тоннаға жуық астық пен ұн экспорттады» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Фото: Eurasia Today

2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың наурызы аралығында Қазақстаннан астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (8,7 млн тонна) айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.

«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше, экспорт көлемінің артуы сыртқы нарықтардағы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген тұрақты сұраныстың сақталғанын білдіреді.

Негізгі бағыттар бойынша жеткізілімдерде өсім байқалды. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 15 пайызға артып, 8,4 млн тоннаға жетсе, Қырғызстан бағытына жеткізілім 1,7 есеге өсіп, 393 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ Ауғанстан мен Түрікменстан бағыттарында да айтарлықтай өсім тіркелді.

Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың бірі болып қала береді. Экспорт географиясының кеңеюі мен логистикалық мүмкіндіктердің жақсаруы сыртқы сауда көлемінің артуына ықпал етіп отыр.

Қазақ баласының өсуі мен табиғаттың үйлесімі туралы фильм прокатқа шығады — «Халық газеті»

Қытайлық режиссер Цзин И түсірген «Ботаник» фильмі 14 сәуірде Қытай кинотеатрларында көрсетілімге шығады, деп жазады «Халық газеті»

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, туынды Қытайдың Шыңжаң өңірінің солтүстігіндегі шекаралық ауылда өмір сүретін қазақ баласының өсу жолын баяндайды. Фильмде кейіпкер табиғаттағы өсімдіктердің өсіп-өнуі мен солуы арқылы өмірдің мәнін, қоштасу мен тамыр тартуды түсінеді.

Режиссердің айтуынша, картина қазақ халқының жылқы, бүркіт және өзге де жан-жануарларды киелі санауымен астасып, табиғаттың адам болмысы мен дүниетанымына әсерін ашып көрсетуге бағытталған. Бұл — Цзин Идің алғашқы толықметражды фильмі.

Фильм халықаралық деңгейде бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Берлин халықаралық кинофестивалі аясында «Жаңа буын балалар» байқауында үздік толықметражды фильм атанса, Каир халықаралық кинофестивалі кезінде арнайы аталым мен NETPAC сыйлығын жеңіп алды.

Сондай-ақ Сянган халықаралық кинофестивалі барысында Цзин И «Жаңа буын» секциясында үздік режиссер деп танылды. Ал басты рөлді сомдаған Есіл Жақсылықұлы Бейжің халықаралық кинофестивалі шеңберінде «Нұрлы болашақ» секциясында үздік актер атанды.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Шыңжаң мен Алматы облысы жылқы шаруашылығы бойынша келісімге қол қойды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Қытайдың Шыңжаң жылқы шаруашылығы қауымдастығы мен Алматы облысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Фото: Халық газеті

Құжат аясында тараптар жылқы тұқымын тіркеу, ат жарыстарын ұйымдастыру, мәдениет пен туризмді ұштастыру, сондай-ақ салалық өзара байланысты дамыту бағыттарында бірлесіп жұмыс істейді.

Келісімге сәйкес, екі тарап асыл тұқымды жылқылар мен сапалы айғырлар алмасуды жоспарлап отыр. Бұл бастама өңірлердегі жылқы тұқымын жақсартуға және саланың дамуына серпін бермек.

Сонымен қатар, тараптар өзара сапарлар ұйымдастыру жөнінде уағдаласты. Биыл шілде айында қазақстандық делегация Шыңжаңға барып, көкпар жарысына қатысып, салалық келіссөздер жүргізеді.

— Соңғы жылдары Шыңжаң өңірі мен Орталық Азия елдері арасында ат спорты бағытындағы ынтымақтастық жандана түскен. Атап айтқанда, 2025 жылы Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданы «Жібек жолы — Достық кубогы» көкпар жарысы өткен. Сондай-ақ, 2026 жылдың наурыз айында Шыңжаң қауымдастығының көкпар командасы Өзбекістанға барып, халықаралық жарыстарға қатысты, деп деп жазады қытайлық БАҚ.

Сонымен қатар осы аптада Халық газетінде «Орталық Азиядан келген зығыр тұқымы Иньчуаньға жеткізілді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Фото: Халық газеті

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, құны 8,5 миллион юаньға бағаланған зығыр тұқымы тиелген пойыз Қазақстандағы Жаңа есіл станциясынан жөнелтілген. Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елге кірген соң, бір аялдамада кедендік рәсімді аяқтап, толығымен стандартталған контейнерлерде тасымалданған жүк тікелей Иньчуаньға жөнелтілді.

Бұл өнімдердің келуі Иньчуаньның Қытайдың солтүстік-батысында зығыр тұқымын сақтау, өңдеу және тарату бойынша аймақтық хаб ретіндегі рөлін арттырып, халықаралық логистикаға өз қолдауын көрсетті.

АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты — TRT

АҚШ пен Иран арасындағы келісім аясында Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ тасымалын уақытша қауіпсіз түрде қайта жандандыруға бағытталған екі апталық бітім жасалды. Бұл шешім жаһандық энергетикалық нарықтағы шиеленісті азайтып, инвесторлар көңіл-күйіне оң әсер етті, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Фото: TRT

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттерді екі аптаға тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде тараптар ұзақ мерзімді бейбіт келісімге келу мүмкіндігін қарастырады және Ормуз бұғазының толық әрі қауіпсіз ашылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Иран тарапы әлемдік мұнай мен газдың елеулі бөлігі өтетін Ормуз бұғазы арқылы халықаралық тасымалдың қауіпсіз өтуіне келісім бергенін хабарлады. Бұл қадам аймақтағы геосаяси жағдайды уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Келісім жарияланғаннан кейін мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді: Brent шамамен 16 пайызға, West Texas Intermediate 20 пайызға арзандады. Энергия жеткізіліміне қатысты қауіптің азаюы нарыққа тікелей әсер етті.

Әлемдік қор және валюта нарықтарында өсім байқалды. Азия биржалары 2–6 пайыз аралығында көтеріліп, доллар әлсіресе, еуро мен иен нығайды. Алтын мен биткойн бағасы да қалпына келе бастады.

Қытайда ішкі әуе рейстерінде билет бағасы қымбаттайды — Алтай ақпараты

Қытайдың бірқатар әуе компаниялары 2026 жылғы 5 сәуірден бастап ішкі бағыттар бойынша отынға қосымша ақы мөлшерін жаңартты, деп хабарлайды Қытайдың Алтай ақпараты порталы. 

Аталған басылымның дерегінше, жаңа ережеге сәйкес, қашықтығы 800 шақырымға дейінгі бағыттар үшін әр рейс сегментіне 60 юань, ал 800 шақырымнан асатын бағыттар үшін 120 юань көлемінде қосымша ақы алынады.

Фото: Pexels

Нәрестелер бұл төлемнен толық босатылады. Ал балаларға, мүгедек ардагерлерге және қызмет бабында мүгедек болған полиция қызметкерлеріне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Осыған сәйкес, 800 шақырымға дейінгі рейстерде қосымша ақы 30 юань, ал 800 шақырымнан асатын бағыттарда 60 юань болады.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 4 сәуірге дейін сатып алынған билеттерге өзгеріс енгізілген жағдайда, бұрын төленген отын қосымша ақысы қайта есептелмейді.

Халықаралық бағыттар бойынша қосымша ақы көлемі әуе компанияларының жүйелік есептеулеріне сәйкес анықталады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью