24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақ балуандары Түркістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні 6 алтын, 2 күміс медаль ұтып алды.
Жігіттер бас жүлдені ешкімге ұстатқан жоқ. Есесіне, әйелдер арасындағы белдесулер тартысқа толы өтті. Медаль сарапқа салынған төрт салмақтың екеуінде өзге елдің бұрымды балуандары жеңіске жетті. 56 және 65 келіде Өзбекстандық қыздардың мерейі үстем болды. Қалған салмақтарда жергілікті спортшылар топ жарды. Аружан Жандарбай мен Айдана Хасенқызы қазақ күресінен Азия чемпионы атанды. Ерлер сайысында Архат Баймұрзин, Нұрғали Тұрсынғазиев, Асылжан Кәрім пен Ерқанат Молдағұлов қарсыластарын түгел жығып, құрлық біріншілігінің алтын медальын еншіледі. Түркістандағы Азия чемпионатына 11 елден 100-ден аса балуан қатысып жатыр.