Qazaq Digital mektebi

11.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгінде елімізде 2000-нан астам шағын жинақты мектеп жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы білім жүйесінің тірегі болғанымен, кадр тапшылығы мен пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі секілді мәселелер әлі де өзекті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ЖИ-дің білім жүйесінде де басымдыққа ие болуы қажеттігін атап өткен еді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Осыған орай бірқатар бас­таманы жүзеге асырған жөн. Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауыл­дағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамта­масыз етуге мүмкіндік береді», деді Президент. Қазір Мем­лекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп отырған жобаның тұжырымдамасы мен іске асыру моделі толық қалыптастырылған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қанатқақты жобаны іске қосу 2026–2027 оқу жылына жоспарланып отыр.

Жобаның мақсаты – жасанды интеллектіні білім саласына енгізу. Осы арқылы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пән­дерді жаңа форматта оқыту­ға назар аударылады. ЖИ негізін­дегі шешімдер оқушының мате­риал­ды өз қарқынымен меңге­руіне мүмкіндік беріп, білім алу­шыны тыңдаушыдан белсен­ді із­денушіге айналдыруды көздейді.

Алғашқы кезеңде жобаға шамамен 500 мектеп қосылады. Бұл білім  ұйымдары техникалық тұрғыдан толық дайын деп таныл­ған. Яғни инфрақұрылым, интернет, құрылғылар мен цифрлық жүйелерді қабылдау мүмкіндігі алдын ала сараланып, қанатқақты алаң ретінде іріктелген.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлеймено­ваның айтуынша, қазір жоба аясында жасанды интеллект саласындағы түрлі платформа іріктеліп жатыр. «Біз қазір «Qazaq Digital Mektebi» жобасы аясында жасанды интеллект саласындағы жобаларды сұрыптап жатырмыз. Сондықтан түрлі отандық озық платформа жасаушылардың ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз», деді министр.

Жеке IT-компаниялардың жүйеге қатысуы қоғамда деректер қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындататыны белгілі. Министрлік бұл бағытта нақты талаптар белгіленетінін хабарлады. Атап айтқанда, барлық цифрлық шешім еліміздің дербес деректерді қорғау тура­лы заңнамасына толық сәйкес болуға тиіс. Серверлер еліміздің аумағында орналасады, ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік сараптамадан өтеді және тек сертификатталған технология­лар қолданылады. Платформаларды біріктіру мемлекеттік шлюздер арқылы жүзеге асырылады, ал деректерді сақтау мен қол жеткізу үдерістерін мемлекеттік органдар бақылауда ұстайды.

Жоба аясында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық репетиторлар енгізіліп, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндік қалыптастырылады. Бұл жүйелер оқушының білім деңгейін, оқу қарқынын және әлсіз тұстарын автоматты түрде талдап, жеке оқу траекториясын ұсынуға мүмкіндік береді. Яғни әр бала бірдей тапсырма орындамайды – жасанды интеллект оның түсіну деңгейіне қарай материалды жеңілдетіп немесе күрделендіріп береді. Мұндай тәсіл, әсіресе пән мұғалімі жетіс­пейтін шағын жинақты мектептер үшін қосымша академиялық қолдау құралына айналады.

ЖИ репетиторлары тек тапсырма тексерумен шектелмей, түсіндіру, кері байланыс беру, қателерді талдау және оқу сапасын бақылау қызметтерін де атқарады. Нәтижесінде, мұғалім қағазбастылықтан босап, оқушымен тікелей жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік туады. Бұл модель мұғалімді алмастыруды емес, керісінше оның кәсіби мүмкіндігін күшейтуді мақсат етеді.

Сонымен қатар жоба педагог­тердің цифрлық құзыретін арттыруға да басымдық береді. Министрлік жоспарына сәйкес, 2026 жылы  200 мыңнан астам педагог практикалық жасанды интеллект дағдыларын меңгеруге тиіс. Бұл оқыту бағдарламалары ЖИ құралдарын сабақ жоспарын құруда, бағалау жүйесінде, оқу материалдарын бейімдеуде және оқушылардың білім нәтижесін талдауда тиімді қолдануға бағыт­талады.

«Осылайша, Үкімет жасанды интеллект агенттерін енгізу арқылы педагогтердің жүк­темесін азайтып қана қоймай, азаматтарға көрсетілетін мемле­кеттік қызметтерді жеңілде­туге мүмкіндік беретін берік цифрлық негіз қалыптастыруды көздеп отыр», дейді Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов.

Интернет сапасы әлсіз өңірлер де назардан тыс қалмаған. Жоба аясында офлайн режімде жұмыс істейтін модульдер енгізу, кейін синхрондау мүмкіндігі, платформалардың жеңілдетілген нұсқалары, жергілікті серверлерді пайдалану секілді шешімдер қарастырылып жатқан көрінеді. Сонымен қатар спутник және баламалы байланыс арналары арқылы кезең-кезеңімен қосу жоспарланған. Негізгі мақсат – оқушының қай ауылда тұрғанына қарамастан цифрлық білімге тең қолжетімділік беру.

Жобаның жалпы бюджеті мен қаржылан­дыру көздері әзірге нақтылану кезеңінде. Қазір министрлік жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы цифрлық білім беруді енгізуге қатысты заңнамалық өзгерістерді дайындап жатыр. Оның құрамына IT-сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері және тәуелсіз мамандар бар. Биыл бірінші жартыжылдықта олар қанатқақты жобалардың тиімділігін бағалап, білім жүйесіне енгізілетін нақты ұсыныстар әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Мұнай бағасы 15%-ға төмендеп, бір барреліне 83 долларды құрады

Экономика • Бүгін, 23:35

Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне соққы жасады: 6 адам қаза тапты

Оқиға • Кеше

Ауа райы күрт нашарлады: Бірқатар жолда жол апаты тіркелді

Қоғам • Кеше

Қарағанды облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

Аймақтар • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады

Президент • Кеше

Адам капиталы – өсудің маңызды факторы: Қазақстан жаһандық рейтингте өз орнын жақсартты

Қоғам • Кеше

Ерлан Қошанов Бүкіләлемдік саммитте Ұлттық ядролық кластер құру жөнінде айтты

Қоғам • Кеше

Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады

Президент • Кеше

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Спорт • Кеше

Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды

Қоғам • Кеше

Референдумға дайындық: Мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалады?

Референдум • Кеше

Зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасын тыңдай алады

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью