Қазақ елі алтын күтіп отыр: Денис Теннің ізбасары Олимпиадада тарихи жетістікке жетті

14.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шайдоров мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің «Confessa, The Diva Dance» композициясымен шықты. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша ол 198.64 ұпай жинады. Осылайша, қысқа және еркін бағдарламалардың жалпы нәтижесі 291.58 ұпайды құрады.

Еске салайық, қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров 92.94 ұпаймен аралық есепте бесінші орын алған еді. Бұл кезеңде АҚШ спортшысы Илья Малинин (108.16 ұпай) көш бастаған. Ал жүлделі үштікке жапониялық Юма Кагияма (103.07 ұпай) мен франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55 ұпай) енді. Төртінші орында италиялық Даниэль Грассль (93.46 ұпай) орналасқан болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью