Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform— Түн ішінде мені қарсылауға келген баршаңызға үлкен рахмет айтамын. Жүрегім жылып қалды. Олимпиада ойындарында туымыз биікте желбірегенде, елім үшін зор мақтанышты сезіндім. Халықтың ықыласы сондай ыстық, көп жылы сөз естіп жатырмын. Баршаңызға үлкен рахмет! Елдің құрметі мені жігерлендіреді. Қабілетімді одан әрі жетілдіріп, мемлекетіміздің даңқын тағы да асқақтатсам деймін, — деп ағынан жарылды Милан-Кортина Олимпиадасының чемпионы.
Салтанатты қарсы алу рәсімінде сөз алған ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов М. Шайдоровтың Олимпиада чемпионы атануына үлес қосқан ата-анасына, жаттықтырушыларына, дәрігерлеріне т. б. мамандарға алғыс айтты.
Фото: Виктор Сутягин / Kazinform— Мұндай үлкен жеңіс балалардың спортқа деген ынтасын оятады. Михаилдың Олимпиада чемпионы атануы көптеген ұл-қызымыздың жолын ашады деп сенемін. Жалпы, қысқы Олимпиадаға қатысқан барлық спортшымызға рахмет айтамын. Еліміздің намысын қорғаған 36 спортшының 10-ы жақсы өнер көрсетіп, алғашқы ондыққа енді, — деді Е. Мырзабосынов.
Іс-шарада ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин де жылы лебізін білдірді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform— Еліңе медальмен оралудың қандай болатынын мен жақсы білемін. Қыз-жігіттер жарады. Ең алдымен, чемпиондарымыздың бапкерлерін, отбасын құттықтаймын. Өйткені, олар әрдайым спортшылардың жанынан табылып, қолдау білдірді. Спорт саласындағы мамандар — министрлік, федерация, Ұлттық олимпиада комитетінің қызметкерлері — бәрі де осы жеңіске үлес қосты. Бізде енді конькимен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың алтын медалі бар. Қазақстан бұған әбден лайық. Мақтан тұтайық. Олар біздің жаңа қаһармандарымыз, — деді Г. Головкин.
Ал Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы демеушілердің атынан Астанадан Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Осындай құрмет мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қасановаға және алғашқы ондыққа енген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға көрсетілді. Оларға бір бөлмелі пәтер сертификаты берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққанын жазғанбыз.