Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голынан кейін әлемге танымал ирандық карикатурашы Хамид Сахаридің анимациялық видеосында басты кейіпкерлердің бірі ретінде бейнеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Футболға арналған әзіл видеоларымен танымал автордың парақшасына 7,7 миллионнан астам адам жазылған. Жаңа роликте Хаби Алонсо қиын сәтте өзінің "құпия қаруы" ретінде 17 жастағы қазақстандық шабуылшыны алаңға шығарады. Видео соңында Сәтпаев Қазақстанның Мемлекеттік туымен көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы бейресми матчында аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" қақпасына гол соққан еді.