Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Соңғы медициналық статистика Қазақстанда қант диабетінің жасарып бара жатқанын көрсетеді.
Әсіресе, тұқым қуалайтын емес, дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын бастапқы диабетке шалдыққан балалар саны артқан. Осы мәселеге назар аударған 10 шақты қазақстандық ғалым үш жыл бойы отандық шикізаттан жасалған сапалы тағам түрін зерттеген.
Фото: видеодан алынған скрин— Біздің ұсынып отырған құрғақ таңғы асымыз — дүкен сөрелеріндегі қымбат әрі сапасы күмән тудыратын импорттық Nestle сияқты өнімдерге балама таңғы ас. Бұл тағам Қазақстан аумағында өскен жүгері, бидай және күріш жармаларынан жасалған. Оның басты ерекшелігі — құрамы кептіріліп, ұнтақталған қызылша мен сәбіз ұнтағымен байытылған, — дейді Анар Құрманбаева.
Ғалымның түсіндіруінше, қызылша мен сәбіздің қоспасы кездейсоқ таңдалмаған. Бұл көкөністердің қандағы қант деңгейіне әсері ғылыми тұрғыда дәлелденген.
— Қызылша тамақтан кейін ағзаға түскен көмірсулардың глюкоза деңгейін бірқалыпты ұстап тұрса, сәбіз қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл тағамның құрамында қант мүлде жоқ. Оның орнына табиғи қант алмастырғыш стевия қосылған. Бұл өнімді тек диабетпен ауыратындар ғана емес, дұрыс тамақтану мәдениетін ұстанатын 18-45 жас аралығындағы жастар да кеңінен қолдана алады, — деп атап өтті институт меңгерушісі.
Бұған дейін, отандық ғалымның цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеген еді.