Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстан әскери қызметшілері Аризонадағы халықаралық Best Warrior байқауында рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері АҚШ-тың Аризона штатында өтіп жатқан халықаралық «Best Warrior» байқауында үздік нәтижелер көрсетіп жатыр.
Жыл сайын Аризонадағы Кемп Навахо әскери базасында ұйымдастырылатын бұл беделді додаға биыл АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген үздік жауынгерлер қатысуда.
Биыл Қазақстанның намысын 54835-А әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімінің 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғап жатыр. Екеуі де бұған дейін республикалық және халықаралық деңгейдегі әскери жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен тәжірибелі мамандар.
Байқау бағдарламасы«Best Warrior» сайысы 10 негізгі бағыт бойынша өтеді:
Армиялық жауынгерлік фитнес тесті Тактикалық медицина Қару түрлерінен (М-240В, М-4, М-17) ату Түнгі күзет пен жергілікті жерді бақылау Азимутпен қозғалу және картамен жұмыс Арнайы әскери жабдықпен 22 шақырымдық марш жүгіру Патрульдеу және жауынгерлік жаттығуларҚазақстанның әскери қызметшілері байқауда АҚШ армиясының қару-жарағын қолданып, шетелдік нормативтерді орындаса да жоғары кәсібилік танытып келеді. Атап айтқанда, 3-сыныпты сержант Аслан Дархан 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, Аризона штатының Ұлттық гвардиясы тарихындағы рекордты жаңартты.
18 мамырға дейін жалғасатын халықаралық байқау Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Әскери дайындық пен жауынгерлік қабілеттілікті бағалайтын мұндай додада еліміздің өкілдері нағыз кәсіби жауынгерлер екенін көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады
Қоғам • Кеше
5 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады
Ауа райы • Кеше
Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады
Білім • Кеше
Жер бетінде магниттік дауыл басталды
Ғылым • Кеше
Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды
Әлем • Кеше
8 мыңнан астам белсенді, 50-ге жуық ұйым: Астанада волонтерлік қызмет қарқынды дамып келеді
Волонтер • Кеше
БҚО-да ауа райына байланысты үш республикалық жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Венесуэлаға қарсы әскери операцияға 150 бомбалаушы, жойғыш және барлау ұшағы қатысқан
Әлем • Кеше
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Кеше
Ұлытау облысында жоғалған үш адам табылды
Қоғам • Кеше
Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды
Аймақтар • Кеше
Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті
Спорт • Кеше
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Үкімет • Кеше
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды
Мәдениет • Кеше
Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?
Қоғам • Кеше