Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан құрамасының барлық өкілдері – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті.

Руслан Құрбанов Израиль өкілі Йоханатан Мессика Ламбрейді 15:7 есебімен сенімді жеңді. Ал Кирилл Проходов Финляндия спортшысы Керрко Ярвиді 15:5 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Семсерлесуші аруларымыз әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады

Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды. Вадим Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриге 9:15 есебімен есе жіберсе, Ерлік Оңтүстік Корея спортшысы Омин Квоннға 10:15 есебімен жол берді.

Бүгін жарыс жолына қылыш сайысынан Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью