Қазақ спортшысы Қытай атынан Милан Олимпиадасына қатысады

07.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қандасымыз Милан Олимпиадасында әйелдер арасында командалық конькимен жүгіру жарысында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген.

Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа халқарылқ жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, ол Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Адақ Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақ қызы Харбин қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарысында алтын медаль еншілеген еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью