Қазақ тележурналистикасының көрнекті өкілі Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

28.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тілеуқабыл Мыңжасар Қазақстанның ардагер журналисі, «Хабар» агенттігінің ұзақ жылғы тілшісі және отандық тележурналистика саласының көрнекті өкілі. Ол агенттік құрылған алғашқы күннен бастап еңбек етіп, Алматы облысындағы меншікті тілші ретінде ел тынысын халыққа адал жеткізді. Ол тек жедел ақпарат таратушы ғана емес, ұлттық журналистика мектебін қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан тұлға.

Марқұм Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері және Алматы облысының Құрметті азаматы атағына ие болды. Оның бай тәжірибесі мен кәсіби жолы келер ұрпақ үшін әрқашан үлгі болып қала бермек. Сондай-ақ ол тележурналистика саласындағы мол тәжірибесін жинақтап, жас мамандарға арналған «Жаһанды жаулаған жанр» атты құнды оқу құралын жазып қалдырды.

Редакция ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью