Қазақ тілін үйретуге арналған ойын әзірленді

04.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ойынның мақсаты: 6-25 жас аралығындағы пайдаланушыларға қазақ тілінің А1 және А2 деңгейлерін үйрету және ұлттық болмысты дәріптейтін мазмұнды, сапалы ойын кеңістігін қалыптастыру, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ойынның компьютерлік және мобильді нұсқалары қазақ тілін инновациялық форматта меңгеруге арналған жаңа құрал ретінде ұсынылып отыр.

Ойынның барлық функционалдық мүмкіндіктерін Астана қаласындағы №104 мектептің оқушылары тестілеп, пайдаланушылардан алынған кері байланыс негізінде ойын жетілдірілді. Бета-тестілеуге қатысушылар «Steppe Rider» жобасының графикасын, ойнау динамикасын және мазмұндық тұтастығын жоғары бағалап, оң пікір білдірді.

Жобаны жүзеге асыруға жиырмадан астам маман: бағдарламашылар, дизайнерлер, тестілеушілер, деректер базасының сарапшылары және басқа да жоғары білікті мамандар қатысты. Ойынның мазмұндық және оқыту компоненттерін әзірлеуге тәжірибелі педагог-әдіскерлер тартылып, білім беру стандарттарына сәйкестігі қамтамасыз етілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью