Қазақ тіліне жаңа сөздер қосылды: Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы байқауы мәреге жетті

19.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Қазақ тілінің қорын толықтыруды көздейтін байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: janar_torehanqyzy

Байқау нәтижесінде Ақмарал Серікбаева жеңімпаз атанса, екінші орынды Ақсұңқар Алмаған мен Абдулла Ризабекұлы бөліскен. Үшінші орын үш жүлдегерге бұйырды, олар – Ақбота Шарибекова, Көкбөрі Мүбәрак және Санжар Қаскеев. 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынған үздік балама атаулар мыналар: 

Кресло – арқажай, отырғы.

Жалюзи – күнүзік, күнқағар, күнперде, шапақ, айқара. 

Комод – толапша, суырма, кебеже, қаршы. 

Простыня – жабын.

Пододеяльник – көрпеқап, көрпетыс, сейсеп. 

Одеяло – күрбік, көрпе, жамшы. 

Тумбочка – жандықша, қобди, тартпа.

Раковина – қолжуғыш, шұңғылтас, шұңғылша. 

Удлинитель – тоқсым, ұзартоқ.

Миксер – шайқауыш, бұлғауыш, араластырғы.

Соковыжималка – сығын, шырынсыққыш, шырынсыққы.

Грильница – қақтақ, қақтағыш, тортаба. 

Термокружка – термоқұты, күйсақтар.

Отпариватель – буүтік, бусап.

Мультиварка – тоққазан, пісқазан.

Мантоварка – буқазан, қасқан.

Плед – ораш, жамылғы.

Вытяжка – ауалық, ауасорғы.

Шлагбаум – тоссырық, аласырық, тоспа, жолтосар.

Фольга – үлдір, жұқалтыр.

Дуршлаг – сүзгіш.

Терка – үгітек, үккіш.

Косяк – жақтау.

Карниз – сырық.

Плинтус – жиек.

Гардина – желпіше.

Контейнер – асқорап, ассауыт. 

Розетка – тоқұя.

Домофон – үнқақпа, шақырауық, есік қоңырауы, үйсыңғыр, үнді, үнқат. 

Кондиционер – самалдатқыш, ауа баптағыш, ауабап, ауалеп. 

Жаңа сөз жасау тек тіл мамандарының емес, қоғамның, білім беру жүйесінің, медианың және технология саласының ортақ жұмысы болса керек. Жаңа технология күн сайын жаңа атау әкеліп жатыр. Егер оларға қазақша балама уақытында ұсынылмаса, шетелдік сөз сол күйі орнығып кетері анық. Қазақ тілінің өз сөзжасам жүйесі өте бай анық. Сондықтан ішкі тілдік мүмкініктерді неге пайдаланбасқа.  Кейбір ұмыт қалған сөздер қазіргі заманға өте лайық болуы да мүмкін. Осы ретте әрбір маман қазақ тілін байытуға өз үлесін қоса алатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра

Руханият • Бүгін, 19:55

Қазақстан курорттарына баратын ұшақтар бағасы қолжетімді болады

Қоғам • Бүгін, 19:29

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен сан алуан мәдениеттердің тарихи моделі

Руханият • Бүгін, 19:14

Астанаға Кения Республикасының Президенті келді

Саясат • Бүгін, 18:52

Клубтан шыққан даулы бейне: жартылай жалаңаш әнші бұзақылығы үшін жазаланады

Қоғам • Бүгін, 18:38

ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды

Құтқарушы • Бүгін, 18:05

Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 17:58

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

Оқиға • Бүгін, 17:57

Президент бірқатар заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 17:37

Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді

Алматы • Бүгін, 17:30

Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

Футбол • Бүгін, 17:25

Аида Балаева: Мәдениет саласы креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналды

Форум • Бүгін, 17:15

Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты

Оқиға • Бүгін, 17:14

Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті

Оқиға • Бүгін, 17:10

Ақмолада алаяқтарға алданған кәсіпкер 24 млн теңгесінен айырылды

Заң • Бүгін, 17:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью