Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. "Қазақалтын" компаниясының шахтасында заңсыз кен қазбақ болған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 19 мамырда болған. Бестөбе кенішінің "Орталық" шахтасында екі адам заңсыз кен қазбақ болған. Алайда оларды топырақ басып қалған. Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Олар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Бестөбе шахтасындағы шахтада тау-кен массасы құлап, салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза тапты. Степногорск қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Қажетті сараптамалар жасалып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.