Қазақмыстан 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

02.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: kazakhmys_news

Корпорацияның мәліметінше, №67 «Батыс» кен орнында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері жалған тауар-көлік жүк құжатын пайдаланып Ultra-210 маркалы респираторларды жымқырғаны анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 131 426 теңгені құрады.

«Ішкі тексеру материалдары дереу құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, компанияға келтірілген материалдық залалды толық көлемде өтеді және кінәні мойындау туралы үдерістік келісім жасасты», делінген хабарламада.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ

Қылмыстық істі қарау нәтижесінде Сәтбаев қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушы заңнамада көзделген міндетті төлемді жәбірленушілердің өтемақы қорына төлеуге міндеттелді. Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды.

Айта кетейік, «Қазақмыс» компаниясы қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және өзіне қатысы бар өңірлердегі отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар кешенін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью