Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Автокөлік саласында жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз
Автоматтандырылған өлшеу стансалары заңбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші мен бюджетке түсетін кіріс деңгейін 10 есеге арттырды.
Бас прокуратурамен жүргізілген интеграция нәтижесінде осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 10 мыңнан астам ұйғарым ресімделді.
«Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылады. Былтыр Қытай және Өзбекстанмен шетелдік рұқсат бланкілері қағаз түрінен электрондық форматқа ауыстырылды», деді Нұрлан Сауранбаев.