Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
AFCAC Бас хатшысы Адефунке Адейеми ханыммен және AFCAC Бас директоры Флорентин Серж Дзота мырзамен өткен кездесуде Қазақстан мен Африка өңірі елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейту перспективалары, сондай-ақ техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы Африка мемлекеттерімен іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін және практикалық өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.
Өз кезегінде Адефунке Адейеми техникалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне тоқталды.
Фото: Көлік министрлігі– AFCAC жекелеген елдер бойынша емес, континентальды болып табылады. Осы тәсіл аясында біз жұмыстың стратегиялық 5 бағытын айқындаймыз: инфрақұрылымды дамыту, техникалық көмек, әлеуетті арттыру, экологиялық күн тәртібі және әуе көлігі. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша біз түрлі серіктестермен өзара іс-қимыл жасаймыз, сондықтан аталған бес бағыттың қайсысында ынтымақтаса алатынымызды анықтау және практикалық техникалық өзара іс-қимылды бастау маңызды, - деді А. Адейеми.
ACAO Бас директоры Абденнеби Манар мырза ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның байланыстырушы буын ретіндегі жоғары транзиттік рөлін, сондай-ақ азаматтардың араб елдері бағыттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Тараптар ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік, аэронавигация, әуе көлігін дамыту, инновациялық және экологиялық тұрақты шешімдерді енгізу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады. Сонымен қатар, адами капиталды дамытуға, соның ішінде мамандар даярлауға, жастарды қолдауға және авиация саласындағы әйелдердің белсенділігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Латын Америкасы азаматтық авиация комиссиясының Президенті, Доминикан Республикасы Азаматтық авиация кеңесінің басшысы Эктор Порселья мырзамен, Хатшы Хайме Биндер мырзамен және Азаматтық авиация кеңесі кеңсесінің үйлестірушісі Хирания Фернандес ханыммен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Латын Америкасы және Кариб өңірі елдері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары ортаға салынды.
Фото: Көлік министрлігіХалықаралық азаматтық авиацияның негізгі мәселелері бойынша позицияларды үйлестіруді, кадрлық әлеуетті дамытуды және тәжірибе алмасуды қоса алғанда, өзара іс-қимылды дамыту үшін елеулі әлеует атап өтілді. Тараптар сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, аэронавигация, инновацияларды енгізу және цифрландыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізуге жәрдемдесу, халықаралық авиациялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша позицияларды үйлестіру, сондай-ақ халықаралық алаңдарда өзара қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жалпы алғанда, өткізілген кездесулер Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге, институционалдық әлеуетті нығайтуға және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын енгізу тиімділігін арттыруға ұмтылысын растады.