Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: gov.kz
AI Opportunity Partnership серіктес елдердің жасанды интеллекттіні дамытудағы ортақ ұстанымдарын айқындайды. Құжат аясында инновациялық реттеуді жетілдіру, стартаптар мен кәсіпкерлерді қолдау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту, жеке инвестицияларды тарту, есептеу инфрақұрылымын кеңейту және сенімді AI-экожүйесін қалыптастыру көзделген.
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Сонымен қатар серіктестік жасанды интеллектінің негізгі инфрақұрылымдық бағыттарына, атап айтқанда маңызды минералдар өндірісі, энергетика, деректер орталықтары, есептеу қуаттары, жартылай өткізгіштер өндірісі, инженерлік кадрларды даярлау және тұрақты жеткізу тізбегін дамыту мәселелеріне басымдық береді.
Бұл бастама Қазақстан үшін жасанды интеллект инфрақұрылымына инвестиция тартуға, маңызды минералдарды өңдеу саласын дамытуға, AI және инженерлік мамандар даярлауға, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға және елдің жаңа технологиялық экономикадағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміз NVIDIA мен Firebird секілді IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімге қол жеткізген болатын.