Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отандастарымыз қылыштасудан командалық сайыста қола жүлдеге ие болды. Құрама сапында Қайша Жәнібек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина өнер көрсетті. Олар Азия чемпионатының жартылай финалына дейін жетті.
Бұл кезеңде қазақстандықтар Өзбекстан құрамасына 37:45 есебімен жол беріп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Қытай чемпион атанды. Өзбекстан екінші орынға ие болды. Жапония құрамасы да Қазақстан секілді турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.