Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Осы айда Джорджтаун университетінің Women, Peace and Security платформасында жарияланған дерекке сәйкес, Қазақстан әлемнің 181 елі ішінде 72-орынға тұрақтаған. Ал ТМД кеңістігінде Армения мен Беларусьтен кейінгі үшінші орынға ие.
Women, Peace and Security (WPS) индексі — елдердегі әйелдердің жағдайын, қауіпсіздігін және қоғам өміріне қатысу деңгейін кешенді түрде бағалайтын халықаралық көрсеткіш.
Индекс 3 негізгі өлшемнен тұрады:
— Инклюзия: білім алу деңгейі, еңбек нарығындағы үлесі, шешім қабылдау процесіне қатысуы және т. б.
— Әділеттік: заң алдындағы теңдік, алалау мен кемсітудің болмауы және т. б.
— Қауіпсіздік: тұрмыстағы зорлық-зомбылық, қоғамдағы қылмыс деңгейі және т. б.
Айта кетелік Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынған еді.