Қазақстан әлем қауымдастығының құрметіне ие ел Тоқаев

23.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.

"Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес", - деді Тоқаев.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Мемлекет басшысы елдің ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатқанын, Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отырғанын айтты.

"Қасиетті Сарыарқаның төрінде, бұрынғы ескі қаланың орнында бүкіл дүние жүзін таңғалдырған, әлем мойындаған жаңа елордамыз – Астананың іргесі қаланды.
Біз бірлігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде танылдық", - деді ол.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керектігін айтты.

"Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді президент.

"Қазақта "Ынтымақ – мызғымас қорған" деген сөз бар. Біз – болашаққа үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайтын ұлтпыз. Шын мәнінде, біз татулық пен тұрақтылықтың арқасында сан түрлі сынақтан сүрінбей өттік, деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью