Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 8,6% болды. Қазақстан аталған санаттағы өнімдер бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең төмен бағалардың бірін сақтап келеді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі кеңейтілген алқа отырысында мәлімделді. Министрлік нәтижеге сауда үстемелеріне бақылауды күшейту, өңірлік комиссиялар мен тұрақтандыру қорларының белсенді жұмысы, маусымаралық кезеңде нарықты толықтыру, сондай-ақ жәрмеңкелер мен акцияларды ұйымдастыру есебінен қол жеткізілгенін атап өтті.
Тізім кеңейді, басым тауарлар айқындалды
Инфляциялық ахуалды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі уақытша 19-дан 31 атауға дейін ұлғайтылды. Жаңартылған тізбе аясында ТОП-800 сауда нысаны анықталып, ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жолданды.
Нарыққа жүргізілген талдау нәтижесінде инфляция құрылымына елеулі әсер ететін тоғыз басым тауар белгіленді. Олар:
қырыққабатсәбізкартоппиязкүнбағыс майыұнсиыр етікүрішмакарон өнімдеріАталған өнімдер бойынша маусымаралық кезеңде басым реттеу шаралары қолданылады.
Жаңа модель және ваучерлік жоба
Министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен халықты маусымдық факторларға тәуелсіз тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа модель әзірледі. Ол тіркелген бағаларды енгізуді, делдалдардың негізсіз жоғары маржасын шектеуді және әкімдіктердің ресурстарын шоғырландыру арқылы нарыққа үйлестірілген ықпал етуді көздейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бағаларды тікелей реттеуден 15% мөлшеріндегі шекті сауда үстемесіне бақылауды күшейтуге және әлеуметтік осал топтарға атаулы қолдау көрсетуге көшу жүзеге асырылып жатыр.
Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында азық-түлік ваучерлерін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылып, оның тиімділігі расталған. Жыл соңына дейін жобаны барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.
Бақылау және тексеру нәтижелері2025 жылы шекті сауда үстемесінің сақталуын бақылау аясында 2 913 әкімшілік қаулы қабылданды. Оның ішінде 1 743 айыппұл салу туралы шешім (57,1 млн теңге) шығарылып, 1 170 ескерту берілді.
Делдалдық схемаларды тексеру бойынша өңірлік комиссиялардың 1 179 отырысы өтіп, 3 268 тиімсіз делдал мен сауда үстемесін асыру фактісі анықталды. 2 758 жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, 510 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.
Сонымен қатар 11 236 электрондық шот-фактура тізбегі талданып, сауда, салық және монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерінің 1 056-дан астам дерегі анықталған.
Бүгін, 17:19