Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ерлер арасында мәнерлеп сырғанауда отандасымыз Михаил Шайдоров 291.58 ұпаймен чемпион атанды.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар ұлттық құрама араға 32 жыл салып өз тарихында қысқы спорт түрлерінен екінші алтын медаль қанжығалады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін алғаш рет 1994 жылғы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, шаңғышы Владимир Смирнов ел қоржынына алғашқы қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін сыйлаған.
Сонымен қатар Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында араға 8 жыл салып жүлде еншіледі. Соңғы рет фристайл-могулшы Юлия Галышева Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен қысқы Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.
Сондай-ақ Қазақстан өз тарихында мәнерлеп сырғанау спортынан екінші Олимпиада жүлдесін еншілеп отыр. Осыған дейін Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған еді.
Фото: Сәли Сабыров Фото: Сәли СабыровОсыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы өткен 8 қысқы Олимпиада ойындарында 8 медаль еншіледі. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.