Қазақстан АҚШ пен инвестициялық серіктестікке мүдделі

29.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаһандық үдерістерде Орталық Азияның ролі артып келеді.  

Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы АҚШ-тан келген делегациямен кездесуінде осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландауды қабылдады. Тараптар Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту әлеуетін талқылады. Президент Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтың басты бағыттарын айқындау үшін нәтижелі боларына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі. Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президентінің ішкі және сыртқы саясатын қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью