Қазақстан армиясы туралы Threads тегі шулы жазбаның авторы ұсталды

27.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада Threads әлеуметтік желісінде әскерде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы резонанс тудырған жазба жариялаған автор ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада Threads әлеуметтік желісінде әскерде сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы резонанс тудырған жазба жариялаған автор ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мән-жайы

23 ақпанда Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт арқылы бір желі қолданушысы әскерде жүргенінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазіргі уақытта қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған сұмдық оқиғаны әлі де ұмыта алмай жүргенін жазған.

Пост авторының сөзінше, командирі оны қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жазбада желі қолданушыларының назарын аударатындай егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Оқиғаның "қорқынышты" тұстарын баяндай отырып, ол өзіне қаржылай көмек сұраған, қауіп барын алға тартып, шетелге кету қажеттігін жеткізген. Жарияланымда банк реквизиттері қоса көрсетілген. Жиналған қаражатты шетелге шығу үшін жұмсайтынын мәлімдеген.

Өтірік қалай ашылған?

Шотты тексеру үшін бір желі қолданушысы полицияға жүгінген. Оның қырағылығының арқасында жазба авторының жалған әрекеттері әшкереленген. Жедел қызметкерлерге тек реквизиттер ғана емес, оқиғаның өзі де күмәнді көрінген.

Барлық күдік есепшот иесі - 17 жастағы жасөспірім екені анықталғаннан кейін расталды. Оның айтуынша, хостелде танысқан бұрынғы танысы оған қарызын аудару үшін реквизиттерін сұраған.

Сондай-ақ өз есепшоттары бұғатталғанын айтып, басқа аударымдарды қабылдауын өтінген. Бұл заңсыз әрекетке сенген жасөспірім жеке деректерін беруге келіскен. Екі күннің ішінде оның есепшотына 100-ден аса аударым түскен.

Ұстау және оның салдары

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында пост авторы ұсталды. Жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Сонымен қатар оның әскери қызметке еш қатысы жоқ екендігі және әскерде ешқашан болмағаны белгілі болды. Өзінің осы әрекетімен ол әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірді. 23 жастағы күдіктінің айтуынша, жалған ақпаратты ол ақша жинау мақсатында жариялаған. Көрінеу жалған ақпаратты тарату және алаяқтық деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін Сот санкциясымен қамауға алынған.

Осындай айласы үшін жігітке бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью