Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл бастама 23 сәуірде атап өтілетін Кітап күні қарсаңында оқу мәдениетін қалыптастыруға және жеке құрамның зияткерлік дамуына бағытталған. Айта кетейік, бұл күн ЮНЕСКО бастамасымен әлемде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде аталып өтеді, ал Қазақстанда алғаш рет 2025 жылы ресми түрде белгіленді.
Қарулы Күштерде оқу мәдениетін дамыту жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 434 дана көркем әдебиет пен 198 293 оқу басылымы бар. Жыл басынан бері әскери қызметшілерге 48 837 кітап берілген.
– Біздің кітапханамызда отандық авторлардың, әскери жазушылар мен ғалымдардың еңбектері мол. Олар әскердің қалыптасуы мен дамуын қамтитын құнды дүниелер. Кітапхана 2020 жылы ашылды, қорында 7000-нан астам кітап бар. Кітаптар негізінен қайырымдылық акциялары арқылы жиналды, сондай-ақ Астана мен Алматы кітапханалары және Ұлттық қорғаныс университеті үлкен қолдау көрсетті. Сирек басылымдар да жеткілікті, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-ғылыми кітапханасының меңгерушісі Оксана Әлжанова.
Министрлік мәліметінше, кітапхана қорын толықтыру демеушілер, баспалар және қайырымдылық акциялары арқылы жүзеге асады. Әскери қызметшілер де жеке кітаптарын тапсырып, бұл іске белсенді қатысуда.
Жаңа талап тәрбие және білім беру жұмысының бір бөлігі ретінде енгізілген. Кітап оқу сыни ойлауды дамытып, дүниетанымды кеңейтуге ықпал етеді.
– Қызмет барысында кітап оқуға барлық мүмкіндік бар. Қазір Мұхтар Шахановтың еңбегін оқып жүрмін. Әсіресе детектив жанры мен әскери тақырыптағы кітаптар қызықтырады, – деді шығармашылық взводтың сарбазы Нұрдос Айтмұхаметов.
Айта кетейік, Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді.