Қазақстан армиясының әскери қызметшісі Қытайдағы Азия чемпионатында алтын алды

13.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

5-12 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Луджоу қаласында өткен әуесқой аралас жекпе-жек бойынша Азия чемпионатына құрлықтың үздік спортшылары қатысты.

Сержант Еламан Қуатов турнир барысында жоғары спорттық деңгейін танытып, чемпион атанды.

Қазақстандық әскери қызметші чемпионатта үш кездесу өткізді. Бірінші айналымда ол Тайпей өкілін жеңсе, екінші кездесуінде Қытай спортшысын қапы қалдырды. Финалда Өзбекстаннан келген қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан Қарулы күштері тарихында әуесқой аралас жекпе-жек бойынша Азия чемпионатынан алған алғашқы алтын медаль. Еламан Қуатовтың жеңісі отандық әскери спорттың дамуына жаңа серпін берді.

Бұдан бұрын Түркиядағы дәстүрлі турнирде палуандарымыз грек-рим күресінен 2 алтын алған болатын. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью