Қазақстан арнайы жасақтары командалары UAE SWAT Challenge сайысында жеңіске жетті

11.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгінде жалғасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

“Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды.
109 команда арасында бесінші орында “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан “Tomiris” қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. “Kazakhstan С” - ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында “Kazakhstan А” сенімді тұр. “Kazakhstan В” мен “Tomiris” турнир кестесінің 12 және 13 орнында.
Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью