Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Заманауи соғыс тәсілдері өзгеріп, дрондар қосымша құрал ғана емес, әскери операциялардың ажырамас бөлігіне айналғаны мәлім. Соңғы жылдары Қазақстан ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамытуға айрықша мән бере бастады. Осы орайда әскери мақсаттағы дрон өндірісін жолға қою, оны жүйелі түрде дамыту және отандық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шыға бастады. Әскердегі ұшқышсыз жүйелердің нақты мүмкіндіктері мен оларды даярлау ісі қалай ұйымдастырылған? Қазақстан бұл бағытта қандай деңгейге жетті?
Фото: Depositphotos. com
Айта кетейік, ұшқышсыз жүйелерді пайдаланудағы негізгі мақсат – жердегі жағдай туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел алу және қамтамасыз ету, түрлі міндеттерді тиімді орындауды арттыру. Мұндай істердің қатарына әртүрлі жүктерді жеткізу, жараланғандарды іздеу және эвакуациялау, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою шараларына қатысу жатады.
Қарулы Күштердің Бас штабының Ұшқышсыз авиациялық жүйелер және робототехника кешендері департаменті бастығының орынбасары Әмір Қасенов әскерде дрондар қандай негізгі міндеттерді орындайтынын, ұшқышсыз жүйелер Қарулы Күштерде кең ауқымды міндеттерді атқаратынын атап өтті.
«Дрондар мемлекеттік шекараны патрульдеу, соққы беру міндеттерін орындау, сондай-ақ әртүрлі қамтамасыз ету түрлері бойынша тапсырмаларды жүзеге асырады. Олардың қатарына радиоэлектрондық күрес, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, экологиялық қауіпсіздік, байланыс және басқа да бағыттар жатады», деді ол.
Әмір Сағындықұлы атап өткендей, әскери қызметшілерді оқыту Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен әскери колледждері базасында жүзеге асырылады. Әскерлерде оқыту Қарулы Күштердің түрлері мен әскер тектеріне қарай оқу орталықтарында жүргізіледі. Сондай-ақ ол дрондарды құрастыратын әскери қызметшілерді оқыту нені қамтитыны туралы тоқталды.
«Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Алдымен білім алушылар ұшқышсыз жүйелердің мақсаттары мен міндеттері туралы жалпы түсінік алады, содан кейін дронның жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуімен танысады. Кейін әскери қызметші симуляторда практикалық дайындықтан өтіп, кейін нақты ұшу тапсырмаларын орындауға кіріседі», деді ол.
Ал бір ұшқышсыз жүйені құрастыруға жұмсалатын қажетті уақыт оның түріне және маманның дайындық деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін.
«Квадрокоптер типіндегі ұшқышсыз жүйені тәжірибелі маман шамамен 3-6 сағатта құрастыра алады, ал «жаңадан үйренуші» үшін бұл уақыт 1-2 тәулікке дейін созылуы мүмкін», деді Ә. Қасенов.
Құрастырылғаннан кейін дрондар әртүрлі маневрлерді орындау арқылы бірқатар сынақтық ұшулардан өтеді. Бұл ұшулар әртүрлі ауа райы жағдайларында, күндіз және түнде жүргізіліп, ұшу-техникалық сипаттамалары расталады. Аталған сынақтардан кейін дрондар әскери бөлімдерге жіберіледі.
Ә. Сағындықұлы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау туралы да айтып берді. Оның айтуынша, операторларды ұшуға даярлау алдын ала және тікелей дайындық кезеңдерінен тұрады.
«Алдын ала дайындық барысында оператор ұшқышсыз жүйелерді, олардың мүмкіндіктерін зерттейді, сондай-ақ міндеттерді орындаудың әртүрлі тәсілдері бойынша білімін жетілдіреді. Барлау нысандарының сипаттамаларын меңгереді және симуляторларда ұшу жаттығуларын орындайды.
Тікелей дайындық кезінде операторлар нақты міндеттерді орындауға кіріседі, жағдайды зерделейді, маршруттарды жоспарлайды және қойылған тапсырмаларды орындаудың әдістері мен тактикалық тәсілдерін айқындайды», деп түйіндеді Әмір Қасенов.
Соңғы жаңалықтар
Жемқорлық үшін өлім жазасы: Қытайдың екі бірдей экс-министріне қатаң үкім шықты
Әлем • Бүгін, 14:05
Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Ауа райы • Бүгін, 13:31
Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды
Ата заң • Бүгін, 13:19
Үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған: Сотта анасынан жәбір көрген балалар жауап берді
Оқиға • Бүгін, 13:02
Несиені төлеуге шамаңыз жетпесе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:28
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Парламент • Бүгін, 12:26
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Үкімет • Бүгін, 12:17
Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:01
АҚШ әуежайында ұшақ қону кезінде аударылып кеткен
Оқиға • Бүгін, 11:46
Төбелес шығарған «Реал» ойыншылары командадан шеттетілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 11:30
Илон Маск күдікті ретінде танылды: Париж прокуратурасы X компаниясына қатысты тергеу бастады
Әлем • Бүгін, 11:22
1 қыркүйектен бастап балалардың профилактикалық тексеруі түбегейлі өзгереді
Медицина • Бүгін, 11:12
Көпірді тербетіп ойнаған: Өскемендегі оқыс оқиғадан 8 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:00