Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
— Тараптар еліміздің азаматтық авиация саласындағы басым маңызы бар бірқатар мәселелерді талқылады. Ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтау, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстарын жалғастыру, оның ішінде жолаушыларға қызмет көрсету кезіндегі биометриялық технологиялар, жүк тасымалын цифрландыру қажеттілігі, сондай-ақ кадрлар даярлау, инфрақұрылымды жаңғырту және т. б. бойынша жобалардың іске асырылуын атап өтті, — делінген хабарламада.
Талғат Ластаев Қазақстанның IATA-мен конструктивті диалогқа ашық екенін атап, барлық маңызды мәселелер бойынша халықаралық тәжірибемен бөліскені үшін ризашылығын білдірді.
Анықтама IATA-әлемдегі 300-ден астам әуе компанияны біріктіретін (әлемдік әуе трафигінің шамамен 85%) жетекші үкіметтік емес ұйым. Ол салалық стандарттарды, қауіпсіздік ережелерін, әуежайлар мен әуе компаниялардың кодтарын белгілейді және жүктерді тасымалдауды реттейді. Эйр Астана, SCAT және Vietjet Qazaqstan қазақстандық әуе компаниялары IATA мүшесі. Рафаэль Шварцман 2010 жылдың мамырынан бастап Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерін біріктіретін ең ірі бағыттардың бірі болып табылатын еуропалық бағытты қадағалайтын IATA Вице-президенті.
Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану тәртібі қандай екенін мына сілтемеден оқыңыз.