Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жүргізушілер автожолдар бойындағы ерекше құрылғылардың суреттерін бөлісіп, түрлі сұрақтар қоя бастаған болатын.
Бұл – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол саласын цифрландыру аясында енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтері бар жаңа бейнеаналитика жүйесі.
"Жүйенің басты ерекшелігі – автономды жұмыс істеуі. Яғни құрылғылар әдеттегі инфрақұрылым жоқ шалғай жол учаскелерінде де қызмет ете алады. Ол үшін камералар күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталады", - дейді компания.
Құрылғылар күн мен желден қуат алып, жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді, деййді ҚазАвтоЖол.
Жасанды интеллект жолдағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.