Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Алтай Республикасының ІІМ
Жол апаты 27 шілде күні кешке Ақташ ауылының маңындағы Ұлаган ауданында болған. Алтай Республикасы ІІМ-нің алдын ала мәліметі бойынша шамамен сағат 20:30-да Toyota Avensis көлігін басқарған 31 жастағы жергілікті тұрғын қарсы жолаққа шығып кетіп, 40 жастағы Қазақстан азаматы басқарған Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан.
Chevrolet жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.
Пхукетте бірнеше жол апатына себеп болған отандасымыз кепілдікпен босатылды
Ауруханаға сондай-ақ Toyota көлігінде болған 21 жастағы жолаушы және Chevrolet көлігінің үш жолаушысы – екі қарт ер адам мен 13 жастағы қыз бала жеткізілді. Полицияның мәліметінше, Chevrolet көлігінде болған қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы Қазақстан азаматтары.
Апатқа кінәлі болуы мүмкін әйел жеңіл жарақат алған және ауруханаға жатудан бас тартқан. Тексеру барысында оның көлік жүргізу кезінде мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның жүргізуші куәлігі болмаған.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары тиісті шешім қабылдайды.