Қазақстан азаматтары референдумға белсенді қатысады деп сенеміз Мәулен Әшімбаев

12.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз, - деді М. Әшімбаев.

Бұл тұрғыда ол осы арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасып жатқанын айтты.

- Осы ретте Конституциялық комиссияның және оның құрамындағы Парламент депутаттарының қажырлы жұмысын ерекше атап өткен жөн. Осылайша, атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде әзірленген жаңа Ата Заңның жобасы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады. Алдағы уақытта Сенат депуттары жаңа Ата Заңымыздың ережелерін түсіндіру жұмыстарына бір кісідей атсалысады деп сенеміз. Осы орайда Әділетті Қазақстанның берік негізін қалайтын кезеңде барша қазақстандық өздерінің патриотизмін және азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз және соған шақырамыз, - деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью