Қазақстан азаматтарының 87% ы елдің саяси бағытын қолдайды

08.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Қоғамдық көңіл-күйдің негізгі индикаторларының бірі – азаматтардың еліміздің даму бағытына берген жалпы бағасы. Бұл көрсеткіш халықтың мемлекеттік саясатты қабылдау деңгейін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері халық мемлекеттің саяси бағытын жоғары деңгейде қолдайтынын айқындады. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 87,8%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп көрсеткен.

Азаматтық белсенділіктің маңызды индикаторы – халықтың сайлауда дауыс беруге деген ынтасы. Сауалнама жүргізілген кезде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтетін күн әлі жарияланған жоқ еді. Сондықтан респонденттерге: «Егер алдағы жексенбіде Құрылтай (Парламент) сайлауы өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Тарихи шешім: Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын. Респонденттердің 75,6%-ы сайлау учаскесіне баруға ниетті екенін айтқан. Оның ішінде 44,2%-ы дауыс беретінін нақты атап көрсетсе, 31,4%-ы дауыс беруі ықтимал екенін жеткізген.

Саяси партиялардың рейтингі

Партияларға деген көзқарасты анықтау үшін респонденттерге: «Егер жақын арадағы жексенбіде Құрылтай сайлауы өтсе, Сіз қай саяси партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сауалнама қорытындысы бойынша саяси партияларға қолдау көрсеткіші мынадай деңгейде бөлінді:

«Әділет» партиясы – ең жоғары қолдауға ие болған. Бұл партияға респонденттердің 54,2%-ы дауыс беруге дайын екенін білдірген. «Ауыл» партиясы – 7,3% көрсеткішпен екінші орында тұр. «Ақ жол» партиясы – 4,6% көрсеткішпен үшінші орынға шыққан. «Respublica» партиясы – қолдау деңгейі 3,4%-ды құраған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – сауалнамаға қатысушылардың 2,4%-ы дауыс беруге дайын. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – респонденттердің 2,1%-ы қолдаған. «Байтақ» партиясы – сауалнамаға қатысушылардың 1,1%-ы таңдаған. «Барлығына қарсымын» нұсқасы – респонденттердің 2,3%-ы белгілеген.

Сонымен қатар сайлауалды үгіт-насихат барысында саяси партиялар үшін тартыс нысанасы жеткілікті екені анықталды – сайлаушылардың едәуір бөлігі өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 22,6%-ы, яғни шамамен әрбір бесінші сайлаушы қай партияға дауыс беретіні жөнінде шешім қабылдамаған.

Жалпы, зерттеу нәтижелері қоғамда елдин саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары екенін және азаматтардың сайлау процесіне қатысуға дайын екенін көрсетті.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін өзге саяси партиялар да бекіткен болатын. «Ауыл» партиясы 69 кандидатты ұсынса, «Ақ жол» партиясы 63 кандидатты жариялады. Қазақстан Халық партиясы 72 кандидаттан тұратын тізімін бекітсе, Respublica партиясы 76 кандидатын ұсынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью