Қазақстан азаматтығын заңсыз алу туралы мәлімдеме жалған болып шықты. Авторы табылды

31.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан ІІМ әлеуметтік желілерде ел азаматтығын заңсыз алғаны туралы жалған ақпарат таратқан ер адамның жеке басын анықтады. Ведомство бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам Қазақстан азаматтығын еш қиындықсыз алғанын айтқан видео тараған болатын.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде екі ер адам Қазақстан азаматтығын алу мәселесін талқылаған. Қатысушылардың бірі сұхбаттасушысынан құжатты қалай рәсімдегенін және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын тестілеуден өткен-өтпегенін сұраған.

Ер адам ешқандай емтихан тапсырмағанын, мәселені ақшамен шешкенін айтқан. Бұл ретте Қазақстан тұрғындары туралы сұраққа ол елдегі адамдар өте жақсы әрі қонақжай екенін атап өткен.

Желіде видео пайда болғаннан кейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп, мәлімдеме авторының жеке басын анықтады.

ІІМ ресми өкілі ер адам көршілес мемлекеттер бірінің азаматы болып шыққанын хабарлады.

"Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын алғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтыны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Биыл ақпанда Қазақстан ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық хабарламалар көбейгенін ескерткен болатын. Қоғамдық кеңістікте деректер әдейі бұрмаланып, жалған мәліметтер, соның ішінде жаңа Конституция жобасына қатысты өтірік ақпарат таратылып жатқаны хабарланды. Мұндай әрекеттер азаматтарды адастырып, қоғамдық ахуалдың тұрақсыздану қаупін тудырады.

ІІМ көрінеу жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер, оның себебіне қарамастан, ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью