Қазақстан азаматы банк шотынан ₸55 млн ұрлаған

20.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан азаматы мобильді қосымшадағы ақауды пайдаланып, заңсыз аударымдар жасау арқылы банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Айлакер бұл әрекетті 2018 жылы жасап, ізін жасырған. Оған халықаралық іздеу жарияланып, осы жылы Швеция Корольдігінен ұсталды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті елге экстрадицияланды. Айта кетейік, еліміз бен Швеция арасында экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден 4 адам қайтарылды.

Ерлан Жанпейсов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Швециядан экстрадициялады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью