Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өрт 30 қаңтарда Ымсон ауданының Мэндон-мен қаласындағы тамақ және сусын өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорында шыққан.
Өрт шыққаннан кейін зауыттан 81 қызметкер эвакуацияланды, алайда екі жұмысшы табылмады. Сол жоғалғандардың арасында Қазақстан азаматы да бар.
31 қаңтарда таңертең сөндірілген цех ішінде белгісіз бір мәйіт табылған. Қазір полиция қаза тапқан адамның кім екенін анықтау үшін материалдарды Ұлттық ғылыми-зерттеу институтына жолдады.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті полиция, өрт сөндіру қызметі және жоғалған азаматтың туыстарымен үнемі байланыста. Жағдай бақылауда.