Қазақстан азаматы журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

01.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Видеодан скрин

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың жарияланымынан өзінің деректерін тапқан Мұхамедов Бас прокурор мен Ішкі істер министріне бейнеүндеу жасады.

Ол үндеуде журналист өзінің Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа қатысқаны туралы тексерілмеген ақпарат таратқанын айтады. Мұхамедов мұны жоққа шығарып, Ресейге соғысқа қатысу үшін емес, тек жұмыс істеу үшін барып жүргенін мәлімдеді.

«Мен Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бұл жағдайға менің ешқандай қатысым жоқ», дейді ол.

Мұхамедовтің айтуынша, ақпарат тарағаннан кейін оның беделіне нұқсан келген. Ол кейбір достарымен және туыстарымен қарым-қатынасы үзілгенін айтып, енді бұл жағдай жұмысына да кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Желіде біреуге жала жапқан әйел айыппұл арқалады

Мұхамедовтің ерекше наразылығын тудырған жайт – ақпараттың тиісті деңгейде тексерілмей жариялануы. Ол бейнеүндеуде Facebook желісінен оқыған жазбаға да тоқталып, сөз бостандығының шегі мен ақпарат таратқан адамның жауапкершілігі туралы пікір білдіреді.

«Сөз бостандығы тексерілмеген ақпаратты жариялауға құқық бермейді», дейді Мұхамедов.

Оның басты талабы – өзінің деректері бұл тізімге қалай енгенін анықтап, журналист Лұқпан Ахмедияровтың әрекетіне құқықтық баға беру.

«Мен қылмыскер емеспін. Мен – адал атына нұқсан келген азаматпын. Осы журналисті заң бойынша қатаң жазалауды сұраймын», деді Руслан Мұхамедов.

Әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған мәлімдеме жасаған жігіт 3 жылға сотталды

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью