Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жүк тасымалының мәселесін шешуге ықпал етті Пашинян

22.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Логистика саласына серпіліс алып келетін бағыттағы шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Aikyn.kz Haqqin.az Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Күні кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға жүк транзитіне қойылған шектеулер алынатынын хабарлады. Бұл – өте маңызды мәлімдеме. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке бұл қадамы үшін алғыс айтамын. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Грузия премьер-министріне осы келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін алғысым шексіз», – деді Арменияның  премьер-министрі. 

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің  Қазақстанға ресми сапары жайында хабарлаған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью