Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.