Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жиынға 27-ден астам мемлекеттің энергетика ведомствалары мен 49 халықаралық компанияның өкілдері қатысты.
Халықаралық алаңда Қазақстанның атынан ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын атап өтті. Тараптар Оңтүстік газ дәлізінің әлеуетін, оффтейкерлер тарапынан сұранысты, «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбырының жүктемесін және өзге де перспективаларды талқылады.
– Қазақстан Әзербайжанмен энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды, біз бұл бағытта ынтымақтастықтың жаңа қырларын дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасындағы «жасыл» энергияны өндіру мен беру жөніндегі ауқымды жоба бойынша уағдаластықтарымызды ерекше атап өткім келеді. Мемлекет басшылары қол қойған келісім «жасыл» инвестицияларды тарту арқылы шығарындыларды азайту жөніндегі экологиялық мақсаттарымызға қол жеткізуге ықпал етеді, - деді Санжар Жаркешов.
Жоба институционалдық тұрғыдан ресімделіп үлгерді: бірлескен кәсіпорын құрылып, оны ратификациялау процедуралары басталды.
Фото: ҚР Энергетика министрлігіАйта кетейік, бұдан бұрын жоғары аудиторлық палатаның өкілдері Әзербайжанда аудит жүргізгенін жазғанбыз.