Қазақстан балалар құқықтары бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына енді

29.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Индексті KidsRights Foundation мен Erasmus University Rotterdam бірлесіп әзірлеген. Бағалау Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқықтары туралы конвенциясына қатысушы 194 мемлекетті қамтыды.

Рейтингте елдер балалардың өмір сүру деңгейі, денсаулық сақтау, білім беру, құқықтарының қорғалуы және қолайлы өмір сүру ортасы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланған.

Бала қауіпсіздігі – басты жауапкершілік

2026 жылғы рейтингте Нидерланд 0,871 баллмен бірінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар елден жоғары нәтиже көрсетті.

Зерттеу авторларының айтуынша, KidsRights индексі балалар құқықтарының сақталуын бағалайтын негізгі халықаралық құралдардың бірі саналады. Ол мемлекеттердің осы саладағы саясатының тиімділігін саралап, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Елімізде балалар спортына қандай қолдаулар қарастырылған?

Айта кетейік, KidsRights индексі алғаш рет 2013 жылы жарияланған. Содан бері ол үкіметтер мен халықаралық ұйымдар үшін балалардың жағдайын бағалауда және әлеуметтік саясатты жетілдіруде маңызды көрсеткіштердің біріне айналды.

Еске сала кетейік, елімізде буллингке немқұрайды қарағандарға 30-80 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью